$480.61 €534.53 ₽5.28
×

«Ауыл» партиясы мен «Қазақстанның патриоттар партиясы» іс басындағы президентті қолдайды

AstanaTV
13.03.2015ж. 20:00
3429
«Ауыл» партиясы мен «Қазақстанның патриоттар партиясы» іс басындағы президентті қолдайды

«Ауыл» партиясы бүгін кезектен тыс 9 съезін өткізді. Күн тәртібіндегі мәселе - алдағы президенттік сайлау. Партия төрағасы Ғани Қалиев, елдегі оңтайлы саяси және әлеуметтік- экономикалық жағдайдың қалыптасуы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасы, деді. Съезге қатысқан 120-дан астам делегат төрағамен толық келісті.

Ғани Қалиев, «Ауыл» партиясының төрағасы:

«Нұр Отан» партиясы президент сайлауына кімнің қатысатынын айқындады. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Біздің партия атынан да сайлауға қатысатын үміткерлер бар. Дегенмен, елді осындай қысылтаяң сәтте салиқалы саясатымен ілгері алып шыққан Нұрсұлтан Әбішұлының сайлауға түскенін қалаймыз.

«Қазақстанның патриоттар партиясы» да кезектен тыс ХIII съезiн өткізді. Жиында саяси ұйым өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауға түсуін қолдайтынын мәлімдеді. Төраға Ғани Қасымов: «Елбасының стратегиялық «Нұрлы жол» бағдарламасы ел дамуының, әлемнiң дамыған 30 елiнiң қатарына енудiң бiрден бiр жолы»,- дейді. Айтуынша, президенттік сайлау елдiң болашақ дамуы үшiн маңызды сәтте өткелі отыр.

Ғани Қасымов, «Қазақстан патриоттары партиясының» төрағасы:

«Қазақстанның патриоттар партиясы» қызу талқылаулар өткiзгеннен кейiн, осынау қиын кезеңде елдiң бiрлiгiн сақтап, саяси тұрақтылыққа қол жеткiзу үшiн, қазiргi Мемлекет басшысының маңында топтасуымыз керек деп шештi. Патриоттар партиясы сайлауға аса жауапкершiлiкпен қарай отырып, Президент сайлауында Қазақстан Республикасының қазiргi Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың кандидатурасын қолдауды ұсынады.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА