$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Алматыда сексеннің сеңгіріне шыққан қария көрішілерімен соттасып жатыр

AstanaTV
13.03.2015ж. 20:00
984
Алматыда сексеннің сеңгіріне шыққан қария көрішілерімен соттасып жатыр

Алматыда қариямен тірескен кәсіпкерлер сот орындаушысының талабына көнер емес. Медеу ауданында тұратын 79 жастағы қарттың үйіне тым тақау орынға жеке балабақша салып жатқан кәсіп иесі сәулет-құрылыс талаптарын сақтамаған болуы мүмкін.

Бұл туралы қала тұрғыны Надежда Умылина сотқа арыз түсіріп, жеке кәсіпкердің әрекетіне шағымданды. Ол ғимараттың тұрғын үйге тым жақын салынып жатқанын айтады. Бұл мәселе бойынша іс сотта қаралып, құрылысты уақытша тоқтату туралы шешім қабылданған. Жеке сот орындаушылары соттың шешімін орындап, құрылыс алаңына кіретін есікті мөрлеп кеткен. Алайда ғимарат иелері өз бетінше мөр басылған қағазды жұлып тастап, құрылысты жалғастырған. Енді сот үкімін орындамағаны үшін, құрылыс қожайындарын қомақты айыппұл мен 5 тәулікке қамау жазасы күтіп тұр. 

Надежа Умылина, Алматы қаласының тұрғыны:

Оларға мына жерге құрылыс салуға болмайды деп ескерту жасаған. Бірақ олар құлақ аспады. Күні-түні тарсылдатып, құрылыс жүргізеді.Тіпті биіктетіп, біздің тереземіздің бәрін көлеңкеледі.

Ғазиза Ержанова, заңгер:

Сот шешімі қасақана орындалмай отыр. Сот орындаушысының талабына көнбей, есіктегі мөрді өз бетінше алып тастаған. Қазір бұл іс бойынша құжаттар жиналып, сот орындаушылар департаментіне қайта жолданды.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ