$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Илья Ильин 2014 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің үздік спортшысы атанды

AstanaTV
13.03.2015ж. 20:00
927
Илья Ильин 2014 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің үздік спортшысы атанды

Ауыр атлетикадан 2 дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильин 2014 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің үздік спортшысы атанды. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы жүргізген сауалнамаға сәйкес, қазақстандық саңлақ ерлер арасынан оқ бойы озық шықты.

Сондай-ақ, отандасымыз Алматы қаласында өткен әлем чемпионатында «айды аспанға шығарды». 105 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз серпе көтеруде 242 келі зіл темірді басынан асырып, әлем рекордын жаңартты. Бұл жетістігінен кейін Илья Ильин әлемнің 4 дүркін чемпионы атағына ие болды.

Самат ҚАНАҒАТОВ