$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстандық туынды Канн кинофестиваліне қатысатын болды

AstanaTV
13.03.2015ж. 20:00
1534
Қазақстандық туынды Канн кинофестиваліне қатысатын болды

Қазақстандық кинотуынды Канн фестиваліне қатыспақ. Режиссер Әлішер Сүлейменовтің «Ай Күнді сүйеді» атты қысқа метражды фильмі шетелден арнайы шақырту алды. Отандық туынды Канн кинофестивалінің Short Film Corner бағдарламасына қатысады.

Жаңа фильм түрлі образдағы адамдардың ішкі жан күйзелісін баяндайтын шағын хикаялардан құралған. Мұндағы кейіпкерлер сүйіспеншілікті қалайды. Режиссер осы сюжет арқылы өмір сүру қарқыны шапшаңдаған қазіргі заманда махаббат пен ізгіліктің ұмыт болғанын көрсеткісі келген. Жан жылуы мен мейрімді іздеген автор осы сезімдерді көрсету тәсілдерін көрермен назарына ұсынады.

Әлішер Сүлейменовтің 1990 жылы «Құс» деп аталатын тырнақ алды туындысы жарыққа шыққан. Қайырымдылық пен махаббат тақырыбын арқау еткен «Ай Күнді сүйеді» фильмі - осы туындының жалғасы. Ал «Құс» фильмі Киевте өткен «Молодость» халықаралық кинофестивалінде бірінші орынды иеленген болатын.

Әлішер Сүлейменов, режиссер, фильмнің авторы:

200 мың фильмнің ішінен, 100 мемлекет 5 континенттен таңдаулы 10 шақты фильмнің құрамына кіргені, қазақстандық қазақ киносының енуі - бұл үлкен табыс, береке. Қанша дегенмен, фестиваль көрсетеді. Бұл қайткенімен, бәйге емес, бұл көкпар, сондықтан сол көкпарға барамыз. 

Берік ХАСЕНОВ