$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Павлодарда «Ардагер - аталар, іздеуші - немерелер» атты мұражай жұмысы қайта жанданды

AstanaTV
13.03.2015ж. 20:00
1038
Павлодарда «Ардагер - аталар, іздеуші - немерелер» атты мұражай жұмысы қайта жанданды

«Ардагер - аталар, іздеуші - немерелер». Павлодарда осындай атаумен бірегей мұражайдың жұмысы қайта жанданды. Михаил Катаев атындағы оқушылар сарайында ашылған мұражайға Ұлы Отан соғысы жайлы сыр шертетін 400-ге жуық іздестіру-дерегі мен 1000-нан астам жәдігер қойылған. Келушілер ардагер аталарының жеке заттарын тамашалады. Әсіресе, ескі фотосуреттерге қызығушылық танытқандар көп. Оқ-дәрілер, темір каска мен қойын дәптерлер де көпшілікті бей-жай қалдырмады.

Мұражай алғаш рет 1985 жылы 9 мамырда ашылған. Өткен жылы күрделі жөндеуге жабылған еді. Мұражай өзінің 30 жылдық тарихында түрлі іздестіру жұмыстарын жүргізді. Хабар-ошарсыз кеткен талай майдангер жайлы құнды ақпарат табылды.

Людмила Асеева, мұражай қызметкері:

Соғыста із-түссіз кеткен азаматтардың тағдырын анықтау мақсатында, іздестіру шаралары әлі де жалғасып жатыр. Қазір қолымызда тағы 12 іздестіру-дерегі тұр. Көрменің басты мақсаты да осыған саяды: қаза тапқандар мен хабарсыз кеткендер жайлы ақпарат жинау, тарихи шындықты ашу.