$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Президент сайлауына қатысуға үміттілер арасынан бірінші болып Нұрсұлтан Назарбаев кандидат ретінде тіркелді

AstanaTV
16.03.2015ж. 10:00
1081
Президент сайлауына қатысуға үміттілер арасынан бірінші болып Нұрсұлтан Назарбаев кандидат ретінде тіркелді

Президенттік сайлауға қатысуға үміттілер арасынан бірінші болып Нұрсұлтан Назарбаев кандидат ретінде тіркелді. Орталық сайлау комиссиясының отырысында осындай қаулы қабылданды. Осы қаулы бойынша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеліп, кандидат куәлігі берілді.

Айта кетейік, еліміз бойынша Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдаушылардың 560 мыңнан астам қолы жиналған. Бұл туралы сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешев мәлімдеді.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА