$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Шымкентте өрік ағаштары гүлдей бастады

AstanaTV
16.03.2015ж. 13:00
1794
Шымкентте өрік ағаштары гүлдей бастады

Еліміздің солтүстігінде әлі қарлы бұрқасын болса, Шымкентте өрік гүлдей бастады. Наурыз басында бүр жарған жеміс ағаштары кешелі бері гүл ашты. Өңірде соңғы екі тәулікте күн әдеттегіден жылы.

Синоптиктер бүгін аймақта ауа-райы 13 градусқа дейін көтеріледі деп болжап отыр. Өрік ағашының гүлдеуі Ұлыстың Ұлы күнінің жаршысындай. 10-наурызда ғана облыс орталығында қар жауып, нағыз қыз түскен.

Кешегі жексенбіде де таулы аудандарда қар түсті. Шымкентте күндіз +5 , ал түнде -4 градус суықтықты көрсетті. Соған қарамастан бүгін қалада көктем лебі сезіледі. Синоптиктер болжамынша, күн енді біртінтеп жыли бастайды, бірақ Наурыз мерекесі күндері жауын-шанын күтілуде.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ