$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Қарағандыда «Елім үшін» жастар форумы өтті

AstanaTV
16.03.2015ж. 13:00
1291
Қарағандыда «Елім үшін» жастар форумы өтті

Қарағандыда «Елім үшін» жастар форумы өтті. Шара «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының аясында, «Нұр Отан» партиясының XVI съезінің шешіміне қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған. Оған 800-ден астам белсенді жас қатысты.

«Елім үшін» деп ұрандатқан белсенді жастар арасында - қаладағы түрлі өндірістердің жұмысшылары, танымал спортшылар, эстрада әншілері мен үкіметтік емес ұйым өкілдері бар. Форум қатысушыларының позициясы ортақ.

Белсенділер кезектен тыс өтетін Президент сайлауы еліміздің экономикалық дамуына, ішкі келісімнің нығаюына жаңа дем беретініне сенеді. Сондықтан,«Нұр Отан» партиясының XVI съезінің шешімін толықтай қолдайтындарын жеткізді.

«Қазақастан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы Отансүйгіштік пен тұрақтылықты қалыптастыруға, әртүрлі санаттағы еңбекшіл жастарды қоғамдық белсенділікке шақыруды мақсат ететін акцияны, алдымен Қарағандыдан бастауды жөн санаған.

Кеншілер шаһары Қазақстанның өндірістік аймағы болғандықтан, еңбекші жастардың ел экономикасына тигізер пайдасы ерекше екенін айтты.

Мұрат Бөрібаев - «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС «Нұрқазған» Кен байыту фабрикасының директоры:

Өзім жұмысшы жастар атынан форумға қатысып отырмын. Қазіргі экономикалық-саясат жақсарып, жастарға көп көңіл бөлінуде. Ең бастысы қазіргі президентіміздің өз ниетімен бірнеше проектілер жүзеге асырылуда. «Дипломмен ауылға» тағы басқа...

Айжан ҚУАШ