$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Спортшылар Н. Назарбаевты қолдайды

AstanaTV
16.03.2015ж. 13:00
1077
Спортшылар Н. Назарбаевты қолдайды

Өзге де тақырыптар ... Отандық спортшылар Президенттік сайлауға үміткер Нұрсұлтан Назарбаевты қолдайды. Бұл туралы олар Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.  Әлемге Қазақ елінің атын шығарған танымал тұлғалар бірауыздан қазіргі Президенттің жүргізіп отырған саясатын қолдайтындарын айтты.

Сала ардагерлері, отандық және әлем чемпиондары, дәрежелі жаттықтырушылар әлемдік аренада қазақстандық спортшылардың жеткен жетістіктері - елдегі экономикалық тұрақтылық пен этносаралық татулықтың көрінісі екенін айтады.

Жақсылық Үшкемпіров, Грек-рим күресінің Олимпиада чемпионы:

Қазақстандық спортшылардың жетістіктері мемлекеттің жан-жақты қолдауының және Олимпиадалық, бұқаралық спортты дамыту бойынша бірқатар бағдарламалардың арқасында болғаны анық. Алдымызда бізді әлі талай спорттық жеңістермен олимпиадалық жүлделер күтуде. Біз Қазақстан Республикасының президеттігіне кандидат ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты ұсыну шешімін толығымен қолдаймыз.

Берік ХАСЕНОВ