$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Мысыр астанасы Каирден көшірілуі мүмкін

AstanaTV
16.03.2015ж. 13:00
4368
Мысыр астанасы Каирден көшірілуі мүмкін

Мысыр астанасы Каирден көшірілуі мүмкін. Мұндай бастаманы ел үкіметі көтеріп отыр. Рейтерстің хабарлауынша, жаңа қала 7 млн адамға шақталады. Және Каирге қарағанда онда өмір сүру әлдеқайда ыңғайлы болады деп уәде беруде билік.

Мысыр Tұрғын-үй құрылыс министрі Мұстафа Мабдулидің айтуынша, 18 млн халқы бар Каирде адам саны алдағы 40 жылда екі есе өсіп, қаланы басқару қиындай түседі. Ал жаңа астана Каирдің шығысына қарай салынбақ.

Құрылыстың алғашқы бөлігіне 45 миллиард доллар жұмсалады деген есеп бар. Жаңа астана 5-7 жылдың ішінде тұрғызылмақ. Қалада екі мың мектеп пен 18 аурухана және 40 мың орынға шақталған қонақүйлер салынады деп күтілуде.

Жаңа астананың қалай аталатыны әзірге хабарланған жоқ. Оған барлық министрліктер көшіріліп, қала әкімшілік орталыққа айналмақ.

Айгүл ӘДЕПБАЙ