$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Қасқыр қапқан Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны ауруханада құтырма дертінен қайтыс болды

AstanaTV
16.03.2015ж. 13:00
1362
Қасқыр қапқан Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны ауруханада құтырма дертінен қайтыс болды

Шығыс Қазақстан облысының қасқыр қапқан тұрғыны ауруханада құтырма дертінен көз жұмды. Еске салсақ, 13 қаңтарда Аягөз ауданындағы Мыңбұлақ ауылдық округінде қасқыр елді-мекенге түсіп, екі ер адамға шабуыл жасаған.

Оның бірі қасқыр қапса да, қашып құтылған, ал екіншісін аң қуып жетіп, талаған. Куәгерлер зардап шеккен азаматтың жан айқайын оның зайыбы естіп, жабайы аңды ас пышағымен бауыздап тастаған деген дерек келтірді.

Шабуылға ұшыраған тұрғындар лезде аудандық ауруханаға жеткізіледі. Дәрігерлер олардың жараларын емдеп, құтырмаға қарсы екпе жасаған. Алайда қауіпті індеттен жарақат алғандардың тек біреуі аман қалды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Вадим Овсянниковтың айтуынша, құтырма ауруынан қаза табу оқиғалары сирек кездеседі. «Зардап шеккен азамат санитарлық авиация көмегімен жедел түрде Өскемендегі № 1-ші аурухананың жұқпалы ауру бөлімшесіне жеткізілді. Десе де, оны құтқарып қалу мүмкін болмады» - деді Вадим Овсянников.

Жұрағат БАМАН