Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Президенттікке үміткерлерді ұсыну аяқталды, Орталық сайлау комиссиясында 27 азаматтың өтініші тіркелген

AstanaTV
16.03.2015ж. 13:00
1039
Президенттікке үміткерлерді ұсыну аяқталды, Орталық сайлау комиссиясында 27 азаматтың өтініші тіркелген

Қазақстанда президент сайлауына үміткерлерді ұсыну аяқталды. 16 наурызға дейінгі дерек бойынша Орталық сайлау комиссиясында 27 азаматтың өтініші тіркелді. 27 үміткердің екеуін саяси партиялар ұсынса, қалған 25 адам өзін-өзі ұсынғандар.

Орталық сайлау комиссиясы олардың арасында 10 адамды президенттікке үміткер ретінде тіркеуден бас тартты: 2 адам жасы 40-қа толмауына, 8 адам лингвистикалық комиссия сынынан өте алмауына байланысты тіркеле алмады.

Үш үміткер тіл сынағын тапсыруға келмеген.Тағы бір адам өз өтінішін кері қайтарды.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

5 үміткер лингвистикалық комиссиядан, басқа да тексерулерден өтіп, Қазақстан Конституциясы мен «Сайлау туралы» заңына сәйкес деп танылып, қол қою парақтары берілді. Қазір ол азаматтар қол қою парақтарын алып, өздерін қолдайтын адамдардың қолын жинап жүр.

Президенттікке үміткерлердің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі комиссия 18 наурызға дейін жұмыс істейді. Айта кетейік, үміткерлерді кандидат ретінде тіркеу 25-ші наурызда аяқталуы тиіс. Қазақстан президентін сайлау 26-сәуірде өтеді.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА