$499.51 €525.83 ₽4.62
×

СІМ Үндістанда Қазақстан азаматшасының зорлыққа ұшырауына қатысты түсінік берді.

AstanaTV
16.03.2015ж. 20:00
1282
 СІМ Үндістанда Қазақстан азаматшасының зорлыққа ұшырауына қатысты түсінік берді.

Сыртқы істер министрлігі Үндістанда Қазақстан азаматшасының зорлыққа ұшырауына қатысты түсінік берді.  Министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, Нью-Делиде күдікті үш ер адам ұсталған. Қазір үнді полицейлері тергеу жұмыстарын жүргізуде. 

«Министрлік аталған мәселені ерекше бақылауда. Қазақстанның Үндістандағы елшілігінің консулдық бөлім қызметкерлері азаматшаның құқықтары мен мүдделерін барынша қорғау мақсатында жәбірленуші мен Нью-Дели құқық қорғау органдарымен байланыс орнатты», - делінген хабарламада.

Еске салайық, Үндістанның үш тұрғыны Нью-Делиде Қазақстан азаматшасын топтасып зорламақ болғаны жайлы бүгін ақпарат тарады. 27 жастағы қыздың Үндістанға іссапармен барғаны белгілі болды. Оқыс оқиға 12 наурызда болса керек. Ал күдіктілер оның іскер әріптестері көрінеді. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА