$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Кейбір сауда орталықтары «Қазақстанда жасалған» акциясын қолдауға құлықсыз

AstanaTV
16.03.2015ж. 20:00
1384
Кейбір сауда орталықтары  «Қазақстанда жасалған» акциясын қолдауға құлықсыз

«Қазақстанда жасалған» акциясын қолдауда отандық бірқатар сауда орталықтары қожайындары жауапкершілік танытпай отыр. «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының кеңес төрағасы Данат Жұминнің айтуынша, кей дүкендердің иелері қазақстандық тауарлар сөресінде импорт өнімдерді де саудалаған.

Дегенмен, бір ай бұрын ғана басталғанымен, акция нәтижесіз емес. Отандық тауар өндірушілерге сөрелерін тегін ұсынған 249 дүкеннің 90 пайызы жауапкершілік танытқан. «Енді отандық тауардың өтімділігі артты ма, соны анықтау керек», - дейді қозғалыс белсенділері. Сонымен қатар, олар отандық тауарларға ортақ логотип жапсыру керек деген бастама көтеруде. «Сонда қазақстандық өнім алыстан мен мұндалап, бірден көзге түседі», - дейді. 

Данат Жұмин, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы:

Сөреде «Қазақстанда жасалған» деп жазылып тұрғанмен, онда басқа елден келген өнімдер кездесті. Ондай жағдай бірді-екілі болды. Дегенмен, орын алғаны рас. Немесе дүкен акцияны қолдаймыз деп «Қазақстанда жасалған» деген жазбаларды іліп қояды. Арада екі апта өтеді. Үшінші жұмада біздің белсенділер дүкенге тексеріспен барса, жазулар алынып тасталған, отандық өнімдердің ізі де жоқ.  

Айгүл ӘДЕПБАЙ