$479.05 €534.57 ₽5.17
×

ШҚО Жаңа технологиялар орталығының директоры 37 млн теңгені жымқырғаны үшін сотталды

AstanaTV
17.03.2015ж. 10:00
1014
 ШҚО Жаңа технологиялар орталығының директоры 37 млн теңгені жымқырғаны үшін сотталды

Шығыс Қазақстан облысындағы Жаңа технологиялар орталығының директоры алты жарым жылға бас бостандығынан айрылды. Енді оның мүлкі тәркіленетін болды. Тергеу дерегіне сәйкес, сотталған азамат облыстық білім басқармасы арқылы жаңа компьютерлер сатып алуға деп бөлінген 76 млн теңгенің жартысын жымқырған.

Яғни, жаңа технологиялар орталығының директоры жалған фирманың басшысымен сыбайласып, бөлінген қаражаттың 39 млн теңгесін компьютер сатып алуға жұмсайды. Ал техникаға бағдарлама орнатуға жұмсалуы тиіс ақшаны қалтасына басқан.

Назгүл Рахметтуллина, №2 Өскемен қалалық сотының судьясы:

Бұл қызмет бабын пайдалану, аса ірі көлемдегі алаяқтық және алдын-ала сыбайластық болып есептеледі. Жасаған қылмысы үшін бұл азамат 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды. Сондай-ақ, мүлкі тәркіленеді. Сот шешімімен енді ол 5 жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айрылды.

Самат ҚАНАҒАТОВ