$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Алматының қақ ортасында көлік жүргізушісі адамдарға оқ атты

AstanaTV
17.03.2015ж. 13:00
972
Алматының қақ ортасында көлік жүргізушісі адамдарға оқ атты

Алматының қақ ортасында көлік жүргізушісі адамдарға оқ атты. Мұны оқиға куәгерлерінің бірі қол телефонқа түсіріп, ғаламторда жариялады. Алматы қалалық Ішкі істер департаменті бұл ақпаратты растап отыр.

Оқиға 14-наурызда Абылай хан көшесінде болған. Жергілікті паркинг қызметкерлерінің айтуынша, тұрақ қызметкері «Тойота Рав 4» автокөлігінің иесінен ақы төлеуді талап еткен. Бірақ тапаншасын суырған жүргізуші ақша берудің орнына паркинг қызметкерін атып түсірген.

Екі оқ тиіп, жараланған жігіт жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізіліпті. Тапа-тал түсте адам атып, елді үркіткен күдікті қазір ұсталды. Сонымен қатар, куәгерлер бұл азаматтың «Зара» дүкенінде де оқ атқанын айтады.

Қазір болған оқиғаның анық-қанығын Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері анықтап жатыр.

Еркін КАРИН