$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысында экономикалық форум өтті

AstanaTV
18.03.2015ж. 20:00
2508
Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысында экономикалық форум өтті

Отандық тауар өндірушілерді қолдайық! Бүгін осындай тақырыпта Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті билік өкілдерінің мұрындық болуымен экономикалық форум өтті.

Теріскей кәсіпкерлері әлемдік экономикалық дағдарыстан қазақстандық компаниялардың жеңіл өтуіне байланысты, өздерінің келелі ойлары мен кесімді пікірлерін ортаға салды. Олардың айтуынша, әлемдік кризистің салқыны тимес үшін, жұрт мейілінше отандық тауар өндірушілердің өнімін тұтынуы керек. Сондай-ақ, форумда қазақстандық кәсіпорындардың арасындағы қарым-қатынасты жақсарта түсу мәселесі қозғалды. Осыған байланысты бірқатар меморандумға қол қойылды.

Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында комбайн зауытын салып жатқан компания өкілдері бірқатар бөлшектерді Қазақстанда шығармақ. Бүгін олар жергілікті машина жасау зауытымен келісімшарт жасасты. Осының арқасында мыңнан астам кәсіби маманы бар аталған өндіріс ошағы қосымша тапсырыстарға ие болып, қиын-қыстау заманда жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік алды.

Сәбит Шәкенов, «Қазтехмаш» зауыты» ЖШС директоры:

Бүгінгі таңда біз шетелден алатын нәрселерді өзінің жоспары бойынша жылдан жылға қазақстандық үлесін көбейтуіміз керек. Бүгінгі таңда соңғы мынау 2-3 жылдың ішінде 30 пайызға жеткізсек пе деген ойымыз бар. Әрі қарай біздің жоспарымыз, әрине, одан да үлкен. Себебі, неге оны бүгінгі таңда 50 проценттен жоғары қарай жеткізбеске.

Абзал ҚҰРМАНКИН