$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Байқоңырдан кезекті «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылды

AstanaTV
19.03.2015ж. 10:00
976
 Байқоңырдан кезекті «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылды

Байқоңырдан  кезекті «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылды. Оған ресейлік «Экспресс-АМ7»  байланыс спутнигі тиелген,- деп хабарлады Интерфакс. «Роскосмос» өкілі «Протонның» есепті уақытта аттанғанын мәлімдеді.

Құрамындағы «Бриз-М» үдеткіш блогы мен «Экспресс-АМ7» ғарыш аппаратының бөлінуі Астана уақытымен  04:14-ке белгіленген. Ал спутниктің өзі үдемелі блоктан 13:18-де бөлінеді, -деді «Роскосмос» өкілі.

«Экспресс-АМ7» ғарыш аппаратын еуропалық Airbus DS компаниясы жасаған.  Оны дайындауға Ресейдің «Ғарыштық байланыс» федералды кәсіпорнының спутниктік байланыс операторы тапсырыс берген.

«Экспресс-АМ7»  жер серігі телерадиохабарларын тарату, кеңжолақты интернетке қол жеткізу, жылжымалы байланыс қызметтерін көрсетуге арналған. «Бриз-М» үдеткіш блогы спутникті биіктігі 36 мың шақырымдық геостационарлық орбитаға шығарады.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА