$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Парламент Сенатының төрағасы Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы аясында бірлесе еңбек етуге шақырды

AstanaTV
19.03.2015ж. 13:00
1296
Парламент Сенатының төрағасы Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы аясында бірлесе еңбек етуге шақырды

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғарғы палатаның жалпы отырысында мәлімдеме жасады. Төраға Елбасының мәңгілік ел идеясы аясындағы тапсырмаларын орындап, бірлесе еңбек етуге үндеді.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың Орталық сайлау комиссиясында бірінші болып президенттікке кандидат ретінде тіркелгенін еске салып, Елбасының бастамалары жаңа экономикалық белестерге бастап, ел тұрақтылығы мен баянды болашағына деген сенімді нығайта түсетіні сөзсіз», - деді өз сөзінде Сенат төрағасы.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Елдің экономикалық, қоғамдық-саяси өңірінде тарихи бетбұрыстар жасауға бағытталған жауапты істе оң нәтижелерге қол жеткізу баршамызға өте жоғары жауапкершілік жүктейді. Сондықтан баршаңызды Елбасының Мәңгілік Ел игілігі жолындағы маңызды міндеттерін тиянақты орындауда белсенділік танытып, бірлесе жұмылып еңбек етуге шақырамын.

Айгүл ӘДЕПБАЙ