$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Үгіт-насихатты ерте бастаған кандидат саяси додадан шығуы ықтимал

AstanaTV
19.03.2015ж. 13:00
858
Үгіт-насихатты ерте бастаған кандидат саяси додадан шығуы ықтимал

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын 26-наурызға дейін бастаған кандидат - саяси додадан шығуы ықтимал. Бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте комиссия мүшесі Татьяна Охлопкова осындай ескерту жасады.

Айта кетейік, президенттік сайлауға кандидат ретінде азаматтарды тіркеу 25-наурызда аяқталады. Әзірге, ресми түрде тіркелген кандидаттар саны үшеу. Ол - Нұрсұлтан Назарбаев, Тұрғын Сыздықов және Әбілғазы Құсайынов.

Тағы 4 азамат қол жинап жүр. 25-наурызда ресми тіркелген азаматтарға арнайы куәлік беріледі. Ал, 26-наурыздан бастап олар үгіт-насихат жұмыстарын бастайды. Айта кетейік, Президент сайлауына түсуге осы жолы 27 адам ниет білдірген еді. Оның екеуі-әйел.

Ал, 2005 жылғы сайлауда 18 үміткердің 3-еуі, ал, 2011-жылғы Президент сайлауында 22 үміткердің 4-еуі әйел болған. Еске салайық, Қазақстан президенті сайлауы 26-сәуірде өтеді.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА