$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Бүгін Қазақстанға Беларусь Президенті Александр Лукашенко жұмыс сапарымен келеді

AstanaTV
19.03.2015ж. 13:00
916
Бүгін Қазақстанға Беларусь Президенті Александр Лукашенко жұмыс сапарымен келеді

«Бүгін Қазақстанға Беларусь Президенті Александр Лукашенко жұмыс сапарымен келеді»,- деп хабарлайды ҚазТАГ. Сапар екі күнге, яғни наурыздың он тоғызы мен жиырмасына жоспарланған. Астанада ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь басшысының кездесуі болады деп күтілуде.

Онда екі мемлекеттің күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелер талқыланбақ. «Сондай-ақ Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь  президенттерінің қатысуымен үш жақты кездесу өтеді деп жоспарланып отыр»,- делінген хабарламада.

Басқосуда әріптес елдердің басшылары Еуразия экономикалық одағы аясындағы сауда-экономикалық мәселелерді талқыламақ. Мұнан бөлек үш елге де қатысы бар өзге бірқатар жәйттер пысықталады.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА