$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Швецияда автоматпен қаруланған екі азамат мейрамхана қонақтарына оқ атты

AstanaTV
19.03.2015ж. 13:00
1303
Швецияда автоматпен қаруланған екі азамат мейрамхана қонақтарына оқ атты

Швецияның Гетеборга қаласының мейрамханаларының бірінде бейсенбіге қараған түнде оқ атылды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, атыс салдарынан кем дегенде 2 адам қаза тапты, сегіз адам жарақаттануы мүмкін.

Куәгерлердің айтуынша, атысты Калашников автоматтарымен қаруланған екі ер адам бастаған. Олар мейрамхана қонақтарына оқ жаудырып, оқиға орнынан кетіп үлгеріпті. Қазір мейрамхана қоршауға алынды.

Полицейлер қаза тапқандар саны бұдан да көп болуы мүмкін дейді. Қазір қауіпті аумақты 20 полиция көлігі күзетуде. Тәртіп сақшылары қанды оқиғаны жан-жақты зерттеуде.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ