$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Байқоңырдан кезекті «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылды

AstanaTV
19.03.2015ж. 13:00
898
Байқоңырдан кезекті «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылды

Байқоңырдан кезекті«Протон-М»зымыран-тасығышы ұшырылды. Оған ресейлік«Экспресс-АМ7»байланыс спутнигі тиелген,- деп хабарлады Интерфакс.«Роскосмос» өкілі«Протонның»есепті уақытта аттанғанын мәлімдеді.

Құрамындағы«Бриз-М» үдеткіш блогы мен«Экспресс-АМ7» ғарыш аппаратының бөлінуі Астана уақытымен 04:14-ке белгіленген. Ал спутниктің өзі үдемелі блоктан 13:18-де бөлінеді, -деді«Роскосмос» өкілі.

«Экспресс-АМ7» ғарыш аппаратын еуропалық Airbus DS компаниясы жасаған. Оны дайындауға Ресейдің«Ғарыштық байланыс»федералды кәсіпорнының спутниктік байланыс операторы тапсырыс берген.

«Экспресс-АМ7»жер серігі телерадиохабарларын тарату, кеңжолақты интернетке қол жеткізу,  жылжымалы байланыс қызметтерін көрсетуге арналған.«Бриз-М» үдеткіш блогы спутникті биіктігі 36 мың шақырымдық геостационарлық орбитаға шығарады.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА