$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Геннадий Головкиннің жанкүйері жалған нөмірмен ұсталды

AstanaTV
19.03.2015ж. 20:00
902
Геннадий Головкиннің жанкүйері жалған нөмірмен ұсталды

Геннадий Головкиннің жанкүйері Шымкентте жалған нөмірмен ұсталды. Танымал боксшыны пір тұтушы өз көлігіне үш «G» әріптерін таққан.  

Елде жоқ ерекше мемлекеттік нөмір тағып алған көлік шымкенттік жол сақшыларының назарына кезекті рейд кезінде түскен. Арада 5 минут өтпей -ақ «Киа» маркілі автокөлік тоқтатылды. Темір тұлпарды тізгіндеген жас жігіт нөмірдің жалған екенін жоққа шығармады.

Айтуынша, ол өзінің жаңадан алған көлігіне тиесілі мемлекеттік белгінің заңды түрде шыққанын күткісі келмеген. Сол себепті асығыс қолдан жасатып алғанын айтып ақталды. Қазақстандық былғары қолғап шеберінің табынушысы енді әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал темір тұлпар айып тұрағына жеткізілді. Сондай-ақ қазір фанат жігіттің жалған нөмірді қай жерде жасатып алғаны анықталып жатыр. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ