$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Алматыда Т. Жүргенов академиясы отқа оранды

AstanaTV
20.03.2015ж. 20:00
1379
Алматыда Т. Жүргенов академиясы отқа оранды

Алматыда білім ордасы отқа оранды. Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының бас ғимаратынан басталған өрт 400 шаршы метр аумаққа тараған. 

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының дерегінше, от күндізгі сағат екі шамасында тұтанған. Екі сағат ішінде ауыздықталды. Жалынды сөндіруге қалалық төтенше жағдайлар департаментінің 10 негізгі және 12 қосалқы техникасы мен 70-тен астам жеке құрамы тартылыпты. Оқу ғимаратының шатырынан басталған тілсіз жау төртінші қабатқа да ауысқан. «Алайда өрт сөндіру қызметінің жедел қимылы арқасында шатыр аршылып, алаудың таралуына жол берілген жоқ», - дейді құтқарушылар.

Өрт басталған уақытта, оқу кабинеттерінде адамдар болмаған. Бұл кезде академия ұжымы мекеме ауласында Наурыз мерекесін тойлап жатқан.

Нұрбек Қожахмет, Алматы қаласы ТЖД баспасөз хатшысы:

Осы жылдың қаңтарының 26-сында осы ғиамаратта өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзылғаны туралы хаттама толтырылып, проректорға айыппұл салынған болатын. Келесі тексеріс 2015 жылдың сәуір айына жоспарланған болатын. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Әзірге белгісіз.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ