$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Мәскеу биржасында евро курсы түсіп кетті

AstanaTV
20.03.2015ж. 10:00
1414
Мәскеу биржасында евро курсы түсіп кетті

Мәскеу биржасында евроның курсы белгіленген 64 рубльден төмен түсіп кетті. Бұл -2014 жылдың желтоқсанынан бері алғаш рет болып тұр. Алдымен, Еуропа валютасы шамамен 60 тиынға түскен. Ал тағы бірер сағат өткенде евроның курсы 64,15 рубльді құрады.

Яғни, өткен сессияның жабылу кезеңімен салыстырғанда 40 тиынға кем. Ал, 18-наурызда күрт төмендеген доллардың курсы керісінше, көтерілді. Америка валютасы 53 тиын қосып, 59 рубльге дейін артқан.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА