Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

«ЭКСПО 2017» нысандарының құрылысы жоспарлы мерзімнен бұрын аяқталуы мүмкін - Ермегияев

AstanaTV
20.03.2015ж. 10:00
1049
«ЭКСПО 2017» нысандарының құрылысы жоспарлы мерзімнен бұрын аяқталуы мүмкін - Ермегияев

«Экспо 2017» халықаралық көрмесі нысандарының құрылысы белгіленген мерзімнен ерте аяқталуы мүмкін. Жұмыстар айтарлықтай жылдам жүргізілуде. Орталық коммуникациялар қызметінде Халықаралық көрме бюросы бас хатшысы Астанаға жасаған екі күндік іс-сапарының қорытындысын жариялады.

Жұмыс барысымен танысқан Висенте Лоссерталес құрылыс қарқынына көңілі толатынын айтты. Ал «Астана ЭКСПО 2017» ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Талғат Ермегияев, кей нысандар құрылысының мерзімі екі есеге қысқарғанмен, бұл сапаға әсер етпейді деп уәде берді.

Талғат Ермегияев, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының төрағасы:

4 жылда салынатын құрылысты 2-2,5 жылда салып бітеміз. Лоссерталес мырзаның өзін алып барып құрылыстың барлығын көрсеттік, кестесін көрсеттік, оны қысқартуға мүмкіншіліктер жасап жатырмыз, келесі жылдың жаз мезгілінде бүкіл құрылысты бітірсек пе деген жоспар құрып отырмыз.

Ермегияев шығындардың 10 млрд теңгеге қысқаратыны жөнінде тарқатып айтты. Оның ішінде 7 млрд теңге құрылыс жұмыстарынан, 3 млрд жарнама мен түрлі мәдени шаралардан ықшамдалмақ. Компания басшысы сондай-ақ көрме алаңына орналастырылған баламалы энергия қондырғыларына тоқталды.

Айтуынша бұл құр жарнама емес, нысандарды қуатпен қамтамасыз ететін құрылғы көрінеді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ







 

Алдыңғы жаңалық