Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ресей бензиніне қойылған уақытша шектеуден соң Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты аяқтан тұрды

AstanaTV
20.03.2015ж. 13:00
1218
Ресей  бензиніне қойылған уақытша  шектеуден соң  Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты аяқтан тұрды

Ресей бензиніне қойылған уақытша шектеуден соң, Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты аяқтан тұрды. Зауыттың бас директоры Қайрат Оразбаев, біздің тілшілеріміздің сауалына осылай жауап қатты.

Қайрат Оразбаев, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» АҚ бас директоры:

Ресейдің желтоқсан айында және осы жылдың екі айында әсері болды. 13 мың тоннадай былтырғымен салыстырғанда төмен түстік тек қана, осы жылдың екі айында. Қазір үкіметтің шешімі бар мораторий енгізді. Соған байланысты автобензинді ішкі нарыққа тиеп жатырмыз. Сәуір, мамыр айында біз жоспарымызды жылдың басындағы орындаймыз деп отырмыз.

Зауыт басшыларының дерегінше, ақпанда 369 мың тонна мұнай өңдеуді жоспарлағанмен, 325 мың тоннасын ғана өндіріп, жоспардың 88 пайызын  орындаған. Ал тасымалдануы тиіс 46 мың тоннадай бензиннің 38 мың тоннасы тұтынушыға жеткізілді.

Дизель отыны бойынша да солай, 81 мың тоннаның 66 мыңға жуығы тасымалданған. Қазақстан Үкіметі Ресей бензиніне үстіміздегі жылдың 5 наурызынан бастап, 45 күнге шектеу қойғаны белгілі. Зауыт басшылығы бұл қолдаудан соң жыл басындағы төмен көрсеткіштің орны толады деген сенімде.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ