$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Сән және дизайн колледжіндегі жарылыс бойынша іс сотқа жетті

AstanaTV
20.03.2015ж. 13:00
1410
Сән және дизайн колледжіндегі жарылыс бойынша іс сотқа жетті

Өткен жылы күзде, Алматыда орын алған колледждегі жарылысқа қатысты іс сотқа жетті. Қалалық прокуратура таратқан ақпаратқа қарағанда, қылмыстық істі Алмалы аудандық соты қарайтын болады.

Сән және дизайн колледжінде қызмет істеген мұғалімдерге қатысты қазір тергеу аяқталған. Ғабит Қарабалаев, Юрий Гавриленко және Серікбай Баймолдиновтардың қайсысының осы қылмыстық іске кінәлі екенін енді сот анықтамақ.

Оларға «жарылғыш затты заңсыз сақтады», «адам өміріне қауіп төндірді» және «суық қаруды заңсыз таратты», - деген баптар негізінде айып тағылған. Айта кетейік, Алматы Сән және дизайн колледжінде өткен жылы 17- қарашада гаранта жарылып, салдарынан 12 оқушы жараланды.

Бір тәлімгер қаза тапты. Құқық қорғау органдары осы оқу орнындағы алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдерін күдікті ретінде қамауға алып, айып таққан еді.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ 

Алдыңғы жаңалық