$478.93 €534.96 ₽5.16
×

«Сарыарқа» командасы «Братина» кубогының жартылай финалына шықты

AstanaTV
26.03.2015ж. 10:00
982
«Сарыарқа» командасы «Братина» кубогының жартылай финалына шықты

Қарағандының «Сарыарқа» командасы «плей-офф» ойындарының жартылай финалына шықты. «Братина» кубогы жолындағы ширек финалда олар Ангарск қаласының «Ермак» клубын айналып өтті. Дегенмен, 6 кездесу қорытындысы бойынша есеп 3-3 болған.

Ал Қарағанды қаласында өткен шешуші ойында қазақстандық ұжым-ресейлік команданы 4-0 есебімен тас талқан етіп ұтты. Айдын иелері сапында Евгений Рымарев, Михаил Паньшин және екі мәрте Денис Стасюк мергендігімен танылды.

Енді жартылай финалда «Сарыарқа» хоккейшілері Нефтекамск қаласының «Торос» клубымен ақтық сын жолдамасын сарапқа салады. Алғашқы екі кездесу Қарағанды қаласында өтеді.

Естеріңізге салайық. Қазақстандық ұжым өткен жылы дәл осы «Братина» кубогын ұтып алды.

Самат ҚАНАҒАТОВ