Джерманвингс («Germanwings») әуе компаниясына
тиесілі Airbus A320 ұшағы құлаған кезде ұшқыштар ес-түссіз халде болуы мүмкін.
Мұндай мәлімдемені Финляндия көлік қауіпсіздігі агенттігі жасады.
Апатты
зерттеген мамандар пікірінше, ұшқыштар ес жиған сәтте автопилотты өшіріп, ұшақты
қолмен басқаруға тырысқанға ұқсайды. Ал New York Times апат кезінде экипаж
кабинасында тек бір ғана ұшқыштың болғанын жазады.
Апат орнынан табылған қара
жәшіктерде екінші ұшқыштың кабинаға кіруге әрекеттеніп, есікті ұрғылап тұрғаны
жазылған. Кіре алмаған соң, ол есікті одан да қатты соққылайды.
Еске
салайық, Джерманвингс («Germanwings»)
компаниясының ұшағы Барселонадан Дюссельдорфқа жете алмай апатқа ұшырады. «Airbus
A320» ұшағының бортында 144 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болды.
Айгүл ӘДЕПБАЙ