$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Ресейдің Азия елдеріне жеткізетін газын Қазақстан өз территориясы арқылы өткізуді ұсынды

AstanaTV
26.03.2015ж. 13:00
1042
Ресейдің Азия елдеріне жеткізетін газын Қазақстан өз территориясы арқылы өткізуді ұсынды

«Газпром» Қытай мен өзге де Азия және Тынық мұхиты елдеріне газ жеткізуде Қазақстанның құбырларын пайдалануы мүмкін. Бұл туралы «Московский комсомолец» жазады.

Көгілдір отын транзитіне Бұхара - Орал - Бозой - Шымкент газ құбыры ұсынылып отыр. Осы бағытта Ресей газы елдің оңтүстігіне жеткізілмек. Бұл ұсынысты Мәскеу қарастырып жатқан көрінеді.

Өйткені аталмыш бағыт Ресей үшін тиімді деп жазады басылым. Яғни Ресей газ мәселесі бойынша дау-дамайы бітпеген Украина бағытынан бас тартса, миллиардтаған доллар үнемдемек.

Ең бастысы, Мәскеуге ешқандай қаржылық дағдарыстан қаймықпайтын Қытай нарығына жол ашылады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ