$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

AstanaTV
30.03.2015ж. 10:00
1070
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Бүгін республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда  қатты жауын-шашын болуы ықтимал. Кей жерлерде бұрқасын болады. Тұман түсіп, жел күшейеді, - деп  күтілуде.

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады,-деп жазады Қазақпарат. Алматы облысында кей жерлерде жауындатып, көктайғақ болады. Екпіні секундына 25 метр жылдамдықта жел тұрады.

Жамбыл облысының бірқатар аумақтарында тұман, көктайғақ,  секундына 30 метр жылдамдықта жел тұрады. Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрып желдің екпіні 28 метрге жетуі ықтимал.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары аумағындағы жолдарда көктайғақ болады.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА