$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Күннің күрт суытуы Қарағанды облысында бірқатар қиындықтар тудырды

AstanaTV
30.03.2015ж. 10:00
1070
Күннің күрт суытуы Қарағанды облысында бірқатар қиындықтар тудырды

Күннің күр суытуы Қарағанды облысында бірқатар қиындықтар тудырды. Көктайғақ пен қатты боран салдарынан Алматы -Екатеринбург тас жолында 4 жүзге жуық жүк көлігі діттеген жеріне жете алмай тұрып қалды.

Оқыс жағдайдан қауіптенген Төтенше жағдай қызметкерлері барлық бағыттағы жолдарды жауып, жүргізушілерді бірнеше тәулік бойы бекеттерде ұстауға мәжбүр. Демалыс күндері үскірік аяз тұрып, сапардағы жүргізушілерге кесірін тигізді.

Көктайғақ пен қарлы боранда қарға адым жер жүру мүмкін емес.  Алматы Екатеринбург тас жолындағы ауыр көліктер екі тәуліктен бері «Шеп» бекетінің аумағында тұр. Жүргізушілердің азық-түлік, жанармайлары таусылған.

Олар бекетте тұрақтауға еш жағдай жасалмағанын айтып шағымдануда. Айта кетейік, Қарағанды облысында боран әлі басылған жоқ. Құтқарушылар ауа райы тұрақталмайынша, ешкімді алыс сапарға жібермеуге бекінген.

Павел Кутузов, жүргізуші:

Бішкекке  бөрене апара жатырмын. Екі тәулік бойы ұстап отыр. Бергі жақтан жолды жапқанмен, арғы жақтан көліктер келіп жатыр. Дала аяз. Жағармай, тамақ барлығы таусылды. Есеппен алынған нәрсе ғой. Не істерімізді білмейміз. Жіберсе жақсы болар еді.

Қуаныш Муталлапов, Қарағанды облыстық ТЖД бас маманы:

Жүргізушілерді түсінуге болады. Сапарларын жалғастырғысы келеді. Бірақ, жолда қалғанша кемпинг, жанармай, тамағы бар осы бекетте тұрғандары жақсы. Ауа райы жақсармайынша,жолға шығу қауіпті.

Айжан ҚУАШ