Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Бундестаг: «Airbus A320 ұшағының апатынан соң дәрігерлік құпияларды ашу керек»

AstanaTV
30.03.2015ж. 13:00
1172
Бундестаг: «Airbus A320 ұшағының апатынан соң дәрігерлік құпияларды ашу керек»

Бундестаг Airbus A320 ұшағының апатынан соң «дәрігерлік құпия» талаптарын өзгерту керек,-деген ұсыныс тастады. Яғни, кейбір мамандық иелерінің сырқаты жөніндегі құпия жариялануы тиіс. Бұл жөнінде Рейтерс жазады.

Көлік саласының сарапшысы Дирк Фишердің пікірінше, бұл әсіресе азаматтық  авиацияда қызмет ететіндерге қатысты. Ал осы тұста немістің  Bild басылымы «қара жәшіктен» алынған жазбаның стенограммасын жариялады.

Онда әуе кемесі  командирінің екінші пилотқа «есікті аш» деп айғайлап жатқаны анық естіледі. Сондай-ақ, жолаушылардың үрейлі дауыстары мен кабина есігіне соғылған ауыр металдың дыбысы да жазылған.

Айта кетейік, Airbus A320 ұшағының апатына екінші пилот Андреас Лубитцтің себепкер болды,-деген жорамал қарастырылып жатыр. Бас ұшқыш бірнеше минутқа шығып, кабинаға қайта оралғанда есіктің жабық екенін байқайды.

Қара жәшік жазбаларын талдаған сарапшылардың ойынша, екінші пилот Андреас Лубитц есікті ашудың орнына, ұшақты жерге қарай бағыттаған. Альпі  тауларына соғылған Airbus A-320 ұшағында 18 елдің азаматы болған.

Арасында Қазақстандықтар да бар. Germanwings әуе компаниясына тиесілі лайнер 24-ші наурызда құлады. Оқыс оқиғадан  ұшақ бортындағы 150 адам түгел қаза тапты.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА