Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Маңғыстау облысын құмды дауыл басты

AstanaTV
30.03.2015ж. 13:00
1986
Маңғыстау облысын құмды дауыл басты

Маңғыстау облысын және орталығы Ақтау қаласын қатты дауыл басты. Құм суырған желдің жылдамдығы секундына 25 метрге жетті. Қариялар мұндай жойқын дауыл Ақтау енді салына бастаған жылдары тұрғанын еске алып отыр.

Шаң күннің көзін де жауып кетті. Ауа температурасы +10 градус жылылықтан -1 градус аязға дейін күрт төмендеп кетті. Синоптиктердің болжамынша, шаңды дауыл наурыздың 31-не, яғни ертеңге дейін соғады.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға қажетті жағдай болмаса, далаға шықпауды ескертті. Дауыл қазірдің өзінде бірнеше жол апатына себеп болды. Ақтау - Жетібай бағытындағы жолда жойқын жел вахтаға шыққан жұмыскер мінген автобусты аударып тастаған.

Апат кезінде көлікте 24 мұнайшы болған. Олардың төртеуі түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұдан соң полиция күшейтілген режимге көшті. Ақтау қаласынан көліктер тек коллонамен шығарылып жатыр.

Гүлнәр Қожабекова, Маңғыстау облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі:

Қарақия ауданында шатыр ұшты. Бірақ демалыс күніне орай, зардап шекендер жоқ. Айта кетейін меектеп оқушыларын желді күндері далаға шығармай, сақтық шараларының алдын алуларыңызды сұраймыз.

Айгүл ӘДЕПБАЙ