$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Шығыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты

AstanaTV
30.03.2015ж. 13:00
980
Шығыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысында автобус апатқа ұшырап, 4 адам қаза тапты. Оның үшеуі ересек. Біреуі жас бала. Қалған 18 адам жарақаттанды. Алматы-Мақаншы-Қабанбай» бағытымен келе жатқан «Сетра» автобусы - дүйсенбіде, таңғы сағат 5 шамасында аударылған.

Апат Шығыс Қазақстанның Үржар ауданындағы «Таскелен-Бақты» күре жолының  120-шақырымында орын алды - деп, Қазақпарат хабарлады.

Аймақтық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп болған.  Қазір зардап шеккендер мен қаза тапқандардың есімдері анықталуда. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар қызметі мен жедел медициналық жәрдем қызметтері жұмыс істеуде.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА





  

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах