$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовты кезекті жеңісімен құттықтады

AstanaTV
30.03.2015ж. 20:00
1267
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовты кезекті жеңісімен құттықтады

Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Кәрімовты Өзбекстан президенті болып қайта сайлануымен құттықтады. «Мемлекет басшысы өз құттықтауында Өзбек елі Кәрімовпен бірге дамудың даңғыл жолын жалғастырарына сенім білдірді», - деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Өзбекстанда кеше өткен президент сайлауының алдын-ала қорытындысы жарияланды. Оның нәтижесі бойынша, Өзбекстанның іс басындағы басшысы саяси тартыста алға шықты. Рейтерс агенттігі елдің орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап, дауыс берушілердің рекордттық саны, яғни 19 миллион сайлаушының 90 пайыздан астамы Ислам Кәрімовке дауыс бергендігін хабарлайды. Саяси додада қазіргі президенттен бөлек, тағы 3 үміткер бәсекеге түсті.

Кезекті жеңісіне дейін Кәрімов Өзбекстанды 26 жыл қатарынан басқарды. Қазір оның жасы 77-де. Өзбекстан конституциясына 2011 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес, елде президенттік мерзім 7 жылдан 5 жылға қысқарған-ды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ