Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Мұнай бағасының арзандауына байланысты Маңғыстау облысы 2015 жылдың бюджетін 4,2 млрд теңгеге қысқартты

AstanaTV
31.03.2015ж. 20:00
1172
Мұнай бағасының арзандауына байланысты Маңғыстау облысы 2015 жылдың бюджетін 4,2 млрд теңгеге қысқартты

Мұнай бағасының арзандауына байланысты Маңғыстау облысы 2015 жылдың бюджетін 4,2 миллиард теңгеге қысқартты. Бастапқыда биылғы жылдың қаржылық құжаты 153 млрд теңге деп бекітілген еді. Алайда, кейін қара алтын құнының құлдырап кетуіне байланысты, Қазақстан экономикасы дамуының болжамы өзгерді. Осыған орай республикалық бюджет қайта нақтыланды. Бұл үрдіс облыстарды да айналып өтпеді.

Маңғыстау өңіріндегі оңтайландыру негізінен жаңа жобаларды қамтып отыр. Оның ішіндегі ірілері - аудандарда салынатын қос аурухана мен Батыр ауылындағы жаңа шағын ауданда жоспарланған тұрғын үйлер құрылысы.

Индира Құрман, Маңғыстау облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Оңтайландыруға қарамастан, барлық әлеуметтік міндеттер тиісті деңгейде қамтылды. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ұлттық қордан 9,5 млрд теңге бөлініп отыр. Бұл қаражат Бейнеу ауылындағы мектеп құрылысына, Жетібай ауылына балабақша салуға, Ақтау қаласындағы жаңа шағын аудандарда көпқабатты үйлер тұрғызуға бағытталмақ. Бұл жоба бойынша жыл соңына дейін тұрғындарға 900 жаңа пәтердің кілтін табыстаймыз.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ