$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Қазақстандықтардың 93 пайызы алдағы президент сайлауына қатысуға дайын

AstanaTV
31.03.2015ж. 20:00
1073
Қазақстандықтардың 93 пайызы алдағы президент сайлауына қатысуға дайын

Қазақстандықтар 26 сәуірде өтетін президент сайлауы туралы хабардар әрі саяси науқанға белсене қатысуға дайын. Әлеуметтік сауалнама нәтижесі осыны байқатты. «Демократия институты» қоғамдық бірлестігі дерегінше, тұрғындардың 93 пайызы президент сайлауында дауыс беретіндерін растаған. 92 пайызы елімізде сайлау өткелі жатқаны туралы қанық. Республика азаматтарының 78 пайыздан астамы сайлау туралы ақпаратты мерзімді баспасөзден оқыған. 68 пайызы теледидар арқылы хабардар. Ал 28 пайыздайы ақпаратты интернеттен алған.

Қазақстандықтардың электоралды кезеңдегі белсенділігін анықтау мақсатындағы сауалнаманың алғашқы кезеңі наурыздың 15-і мен 25 -і аралығында өткізілді. Оны «Демократия институты» қоғамдық бірлестігі «Қазақстанның азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің тапсырысы бойынша жүргізген. Әлеуметтік зерттеу облыс орталықтары мен шағын қалаларды, аудан орталықтары мен ауылдарды қамтыды. Оған жасы 18-ден асқан 2000 респондент қатысқан.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА 

Алдыңғы жаңалық