$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Жер шарын айналуды көздеген күн сәулелі батареядан қуаттанатын ұшақ Қытайға қонды

AstanaTV
31.03.2015ж. 13:00
1463
  Жер шарын айналуды көздеген күн сәулелі батареядан қуаттанатын ұшақ Қытайға қонды

Жер шарын айнала саяхаттқа шыққан күн сәулесінен қуат алатын ұшақ кеше Қытайға қонды. Швейцарияда құрастырылған Solar Impulse 2 ұшағы Мьянмадан шығып, Тынық мұхиты арқылы Гавайяны бетке алған.

Қазір ол Қытайдың Чунцин қаласында уақытша үзіліс жасады. Әуе кемесі дәстүрлі авиа отын пайдаланбай-ақ, ұзақ уақыт ұша алатын жалғыз ұшақ. Лайнердің арнайы батареялары күн сәулесінен қуаттанады.

Ұшақты баламалы энергия көзін іздеуші өнертапқыш-ұшқыштар Бертран Пикар мен Андре Боршберг есімді швейцарлықтар басқарады. Олар саяхаттың соңғы нүктесі - Гавайяға 5 күнде жетуді жоспарлап отыр. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ