$491.71 €529.97 ₽5.05
×

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК басқарма төрағасының міндетін атқарушы тағайындалды

AstanaTV
31.03.2015ж. 13:00
943
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК басқарма төрағасының міндетін атқарушы тағайындалды

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясы басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Айдар Әріпханов тағайындалды. Бұл туралы компания өкілдері телефон арқылы хабарлады деп жазады ҚазАқпарат.

Осы тағайындауға дейін Айдар Әріпханов «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы басқарма төрағасының экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 

Айта өтейік, 26 - наурыз күні Қытайда «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом Компаниясының басқарма төрағасы Нұрлан Қаппаров кенеттен қайтыс болды.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА