Қазнет кеңістігі сайлау науқаны
туралы ақпарат тарататын жаңа интернет-ресурспен толықты. Бүгін ресми түрде
тұсауы кесілген веб-сайт Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар
сайлауына арналған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде сайт
авторы Бауыржан Садиев хабарлады.
election2016.kz бетінде сайлауға
түсетін саяси партиялар мен электоралды науқанның жаңалықтары, әлеуметтік
сауалнама қорытындылары жарияланып отырмақ.
Бауыржан Садиев,
«Election2016.KZ» веб-порталының авторы:
Сайт міндеті - сайлау науқанының
барлық жаңалықтарын тізіп жазу. Қазір жаңалықтардың барлығы біздің
әріптестерімізден келіп түсіп жатыр. Бірақ сайт кез-келген азаматтың сайлауға
қатысты өз жаңалығымен бөлісуіне мүмкіндік береді.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ