$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Мемлекет басшысы Қазақстан күрес федерациясының құрметті президенті Дәулет Тұрлыхановты қабылдады

AstanaTV
31.03.2015ж. 20:00
1558
Мемлекет басшысы Қазақстан күрес федерациясының құрметті президенті Дәулет Тұрлыхановты қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада еліміздегі Күрес федерациясының құрметті президенті, Халықаралық біріккен күрес түрлері федерациясының бюро мүшесі Дәулет Тұрлыхановты қабылдады. Бұл жайында Президенттің баспасөз қызметі хабарлады. Кездесу барысында бұқаралық спортты дамыту, соның ішінде жас ұрпақты спортқа баулу мәселелері сөз болды.

Елбасы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, халықтың дене шынықтырумен және спортпен белсене айналысуы үшін қажетті барлық жағдай жасау маңызды екенін айтты. Сондай-ақ, жоғары жетістіктер спортын дамыту жайы да тілге тиек етілді. Өз кезегінде Тұрлыханов Мемлекет басшысына отандық спортқа көрсетіп отырған қолдауы үшін алғас айтты.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА