$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Астана әуежайында қалың тұман салдарынан 9 әуе рейсі кідірген

AstanaTV
01.04.2015ж. 10:00
1566
Астана әуежайында қалың тұман салдарынан 9 әуе рейсі кідірген

Астана халықаралық әуежайында қалың тұман салдарынан 9 әуе рейсі кідіруге мәжбүр болды. Бұл туралы әуежайдың анықтама бөліміне сілтеме жасай отырып «ҚазАқпарат» жазады.

Атап айтқанда, Мәскеу, Алматы, Шымкент, Талдықорған, Омбы, Үрімші және Ақтау қалаларына ұшуы тиіс рейстер кешіктіріліп отыр. Әуежайдың анықтама бөліміндегі қызметкерлер әуе рейстерінің ұшуы қашан қалпына келтірілетіні туралы әзірге ақпарат берген жоқ.

Ал Қазақстанның басым бөлігінде бүгін ашық ауа-райы сақталады, тек еліміздің шығысында күн құбылмалы болып, кей жерлерде қар жауып, бұрқасын болады. Еліміздің бірқатар аймақтарында көктайғақ болып тұман түсуі ықтимал.

Жел күшейеді деп күтіліп отыр. Ал Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстары мен Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА