Қазақстанның сыртқы барлау
қызметі жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Әлемдегі геополитикалық жағдай асқынып,
терроризм қауіп төндірген тұста Қазақстан шетелдегі өз мүддесін қорғаудағы
жұмысты күшейтуі тиіс. «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит
Байжановты қабылдаған президент осылай деді.
Ұлттық қауіпсіздік мәселелері
талқыланған кездесуде сыртқы барлау қызметінің басшысы атқарылған жұмыстарды
жіпке тізді. Кадр іріктеп, дайындау жайы да сөз болды. Ал Нұрсұлтан Назарбаев
барлау қызметінің басшысына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ