$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Украина банктерінің шығыны 8 есеге дейін ұлғайды

AstanaTV
01.04.2015ж. 10:00
1200
Украина банктерінің шығыны 8 есеге дейін ұлғайды

Украина банктерінің қарызы 8 есеге дейін ұлғайды. Банк жүйесінің таза шығыны 66 миллиард гривна, немесе 2,8 миллиард долларды құрайды. Бұл жөнінде «Рейтерс» агенттігі елдегі орталық банкке сілтеме жасап мәлімдеді.

Айта кетейік, украина ақшасының бағамы ақпан айында 50 пайызға дейін құлдыраған. Ал шығындардың басты себебі банктердің қайтарымы жоқ несиелерді жабуымен байланысты. Ақпан айында бұл бағытта қорға 90 миллиард гривна жіберілген.

Украинаның тәуелсіз банктер ассоцияциясының бақылау кеңесі басшысы Роман Шпектің айтуынша, басты проблема гривна бағамының құлдырауында болып тұр. Сондай-ақ, экономикалық дағдарыс та өз әсерін тигізген.
«Ал бұл мәселелерді шешу үшін, банк жүйесін қалпына келтіруге, қарыздарды қайтаруға және қайта құрылымдауға бірнеше жыл керек» - деді Роман Шпек.

Жұрағат БАМАН