$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Өскеменде Жеңістің 70 жылдығына орай суретші-майдангерлердің «Соғыс және бейбітшілік» атты көрмесі өтті

AstanaTV
01.04.2015ж. 10:00
1864
Өскеменде Жеңістің 70 жылдығына орай суретші-майдангерлердің «Соғыс және бейбітшілік» атты көрмесі өтті

Өскеменде Жеңістің 70 жылдығына орай суретші-майдангерлердің «Соғыс және бейбітшілік» атты көрмесі өтті. Онда Французов, Лаврушин, Долбилкин секілді қыл-қалам шеберлерінің қолынан шыққан туындылар қойылған.

Суреттерде сұрапыл соғыс кезіндегі сәттер, қақтығыстардан кейінгі мезет бейнеленген. Сондай-ақ, жауынгерлердің де кескін келбетін көруге болады. Сол кездегі қара түнекті меңзегендей ақ қағаз бетіндегі туындылардың көбісі қара бояумен салынған.

Ал соғыстан кейінгі кезеңдегі кең даланың, көптен күткен бейбітшілік пен мамыражай заманның бейнесі салынған суреттердің бояуы қанық, түрлі-түсті. Ұйымдастырушылар жылжымалы көрме ұйымдастырып, Жеңіс күні мерекесіне дейін облыстың барлық аудан-қалаларын аралап өтуді жоспарлап отыр.

Көрменің ерекшелігі мұнда қойылған туындылардың авторлары негізінен майдангерлер. Олар Шығыс Қазақстан облысының, Алматы қаласы мен Ресей Федерациясының ардагерлері. Соғыстағы қан-төгісті өз көздерімен көріп, әлеуметтік зардаптардың бәрін бастан кешірген.

Осыдан болар қойылған барлық 64 туындының әрбірінің мән-мағынасы, айтар ойы көп.

Жұрағат БАМАН