$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Әлемнің 65 мемлекетінде 26 сәуір күнгі Қазақстан Республикасы президентін сайлауға арнайы учаскелер ашылды

AstanaTV
01.04.2015ж. 13:00
1432
Әлемнің 65 мемлекетінде 26 сәуір күнгі Қазақстан Республикасы президентін сайлауға арнайы учаскелер ашылды

Президенттік сайлау күні еліміз бойынша 9 мың сайлау учаскесі жұмыс істейді. Дауыс беру орталықтары барлық ауылдарда да жұмыс атқарады,-дейді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос.

Ал шалғай шағын елді-мекендерге көшпелі сайлау жәшіктері жеткізіледі. Сайлау күні шет ел асқан қазақстандықтаға да үш кандидаттың біріне дауыс беруге барлық жағдай жасалады дейді Фоос.  Еске салайық, қазір президенттіктен үмітті үш кандидат сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Ал жергілікті жерлерде сайлау комиссиясының бөлімшелері дауыс беру құқығына ие азаматтардың санын анықтап, 5-ші сәуір күні орталық кеңсеге нақты тізімдерді ұсынады. Президент сайлауы 26-шы сәуірге белгіленді.

Владимир ФООС, ҚР ОСК төрағасының орынбасары:

СІМ мәліметінше, 65 мемлекеттегі Қазақстан елшіліктерінде сайлау учаскелері ұйымдастырылған. Сыртта жұмыс, оқу немесе демалыс мақсаттарымен жүрген кез-келген қазақстандық елшілікке құжатымен келіп дауыс бере алады. Есеп бойынша, шет елдерде болжаммен 15 мыңнан 20 мың адамға дейін дауыс береді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ


 

Алдыңғы жаңалық