×

Биылдан бастап Қазақстан азаматтары баспаналарын сақтандыруға міндеттелуі мүмкін

AstanaTV
05.02.2016ж. 20:00
1356
Биылдан бастап Қазақстан азаматтары баспаналарын сақтандыруға міндеттелуі мүмкін

Бұдан былай Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің кәсіпкерлері қазақстандық брендтерге ұқсас тауар белгілерін тіркей алмайды. Бұл туралы Әділет министрлігінің алқа мәжілісінде белгілі болды. Мұндай тыйым таяуда енгізілетін Еуразиялық экономикалық одақ бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу алқасының мүшесі Нұрлан Алдабергенов мәлімдеді.

Бұған дейін одаққа мүше елдің кәсіпкерлері өнімге ою-өрнек, киіз үйлер бейнеленген отандық тауар белгілерін жапсырғаны белгілі болды. Сөйтіп, өнімдерін өткізу үшін қазақстандық сатып алушыларды адастырған. Нұрлан Алдабергенов белгілі бір сүтті мысалға келтірді.

Нұрлан Алдабергенов, ЕЭО алқасының мүшесі, бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі:

Сұраққа жауап берген қазақстандықтардың 80 пайызы бұл сүтті отандық деген. Яғни сыртынан қарағанда, оюлары салынған, табиғаты ұқсас, отандық кәсіпкерлер шығарған сүтке қатты ұқсас. Бірақ бұл сүт Қазақстанның өнімі емес. Сондықтан ұлттық заңға өзгеріс енгізу керек. Тауардың қай жерден шыққанын көрсететін белгілерде тұтынушыларды шатастыратын сөздер мен суреттерді қолдануға тыйым салып, ондай тауар белгілерін тіркемеу қажет.

Сондай-ақ алқа мәжілісте биылдан бастап Қазақстан азаматтары өз баспаналарын төтенше жағдайлардан сақтандыруға міндеттелуі мүмкін екені айтылды. Әділет министрі Берік Имашевтың айтуынша, жаңа заң жобасы үстіміздегі жылы әзірленбек.

Айгүл ӘДЕПБАЙ